#
#
Дүйсенбі 24/09/2018

Қазақстандық банктер Өзбекстан нарығына кіре алады

  • 10.07.2018
  • 0
  • 612

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Өзбекстан Республикасының Орталық банкі арасында Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Өзбекстан Республикасының Орталық банкі арасында Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұл Өзбекстанда  Қазақстанның еншілес банктерін ашуға мүмкіндік жасайды», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Банк басшысы Halyk bank өзбек нарығына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Бұдан өзге банктер да көрші елде бөлімдерін ашуға ниетті екенін жеткізді. 

Келісімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық заңнамаларына сәйкес екі мемлекеттің банк секторына қатысты жаңалықтармен, сондай-ақ ұлттық заңнамада рұқсат етілген шамада нормативтік-құқықтық реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері жөнінде ақпарат алмасу нысанындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.    

Атап айтқанда, Қазақстан банктеріне бас банкке арналған теңгемен баламада кемінде 100 млн еуро мөлшерінде және трансшекаралық мекеме үшін 100 млрд сом мөлшерінде жарғылық капиталының болуы, сондай-ақ халықаралық шәкіл бойынша шетел валютасымен Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің «В»-дан немесе Fitch Ratings, Мооdy's берген осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес ұзақ мерзімдік кредиттік рейтингтің болуы жататын қажетті талаптарға сәйкес келген жағдайда Өзбекстан Республикасының аумағында трансшекаралық мекеме құруға немесе иеленуге мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Өзбекстан Республикасының Орталық банкі қол жеткізілген келісімді оң бағалап, құжаттың Орталық Азияның екі жетекші экономикасының тату көршілік ынтымақтастығын нығайтуға әсер ететін болады деп үміт білдірді.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар