#
#
Сенбі 23/11/2019

Қазақстандық әуе компаниялары жаңа халықаралық рейстер ашпақ

  • 18.10.2019
  • 0
  • 179

Жақында қазақстандық әуе компаниялары жаңа халықаралық рейстерді ашады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті.

«Бүгінде Қазақстан шет мемлекеттермен 99 халықаралық бағдарды қамтып отыр. Нұр-Сұлтан қаласынан 34 халықаралық бағдар бойынша тұрақты рейстер орындалып келеді», - делінген ведомство мәліметінде.

Белгілі болғандай, бүгінде 14 ішкі әуе бағдары, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан – Токио» бағытындағы халықаралық бағдары субсидиялануда.

«Орта мерзімді перспективада қазақстандық әуе компаниялары Шанхай (2020 жылы), Сингапур (2020 жылы), Нью-Йорк (2023 жылы) бағыттарында рейс ашуды жоспарлап отыр», - деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бірқатар шетелдік әуе компаниялары Қазақстанға жаңа рейстерді ашуға қызығушылық танытып отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар