#
#
Сейсенбі 22/08/2017

Қазақстандық аграрлар егін жұмыстарына 700-ден астам техника сатып алды

  • 14.06.2017
  • 0
  • 299

Қазақстандық аграршылар егін егу жұмыстары үшін 700-ден астам техника сатып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымына енетін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына көктемгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін 15 млрд теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарын сатып алуға 1269 өтінім түсті.

«Аграршылармен жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге 744 қаржы лизингі шарты жасалып та қойды. Жасалған шарттардың шеңберінде фермерлер 463 трактор, 126 тұқым сепкіш, 13 егіс кешенін және 142 өзге де техникаларды сатып алды», - делінген таратылған хабарламада.

Өтінімдердің дені (172 өтінім) Астана қаласындағы Орталық офисқа келіп түскен, Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалға - 168, Шығыс Қазақстан облысындағы филиалға - 157 және Алматы облысындағы филиалға 142 өтінім жолданған.

Сонымен бірге, отандық аграршылар егін жинау науқанына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 13,8 млрд. теңге сомасына комбайндар, шөп тиеу машиналарын, дестелегіштер мен басқа да техникаларды сатып алуға 637 өтінім жолдады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ - 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау жасау.

0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР