#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Қазақстанды ескі-құсқы көлік басып барады

  • 14.10.2019
  • 0
  • 230

Қазақстанның автомобиль паркі ескіріп барады. Ел аумағында жүрген көліктердің 60 пайыздан астамы 10 жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

2019 жылдың шілде айының соңында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3,7 миллионға жуықтады. Халықта 3,5 млн жеңіл көлік бар. Ел мініп жүрген жеңіл көлік санының жылдық өсімі 4 өңірде ғана тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 2,6 пайызға артып, 265 мың, Алматы облысында - 1,2 пайыз көбейіп, 489,3 мың, Жамбыл және Қызылорда облыстарында - 0,1 пайызға ұлғайып, тиісінше 196,5 мың және 112,7 мың көлікті құрады. Дипломатиялық нөмірі бар автомобильдердің саны да 17,7 пайызға артып, 29,1 мыңға жетіп отыр.

«3 жылдан бастап 7 жылға дейінгі аралықта шығарылған көліктердің саны да 18,2 пайызға артты. Олардың жалпы үлесі 12,6-дан 15,7 пайызға жетіп отыр. Барлық тіркелген автомобильдердің үштен екісіне жуығы - 10 жылдан астам уақыт бұрын шығарылған көліктер. Олардың саны бір жылда 2,9 пайызға кемігенімен, жалпы үлесі 63-тен 64,8 пайызға дейін көбейген. Шығарылғанына 3 жыл толмаған көліктердің саны 25,9 пайызға қысқарған», - делінген таратылған ақпаратта.

Ескі көліктер санының артуына екінші деңгейлі банктердің шыққанына 10 жылдан асып кеткен автомобильдерді сатып алуға несие беруі себеп болып отыр. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын банктер зауыттан шыққанына 7 жылдан аспаған көліктерді ғана сатып алуға несие беретін еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар