04 қар, 2019 сағат 11:57

Қазақстанда жолаушы пойыздарындағы өрт қауіпсіздігін тексеру күшейтіледі

Қазақстанда жолаушы пойыздарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерулер күшейтіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және »Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды», делінген хабарламада .

Жалпы, жыл басынан бері аумақтық көлікті бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерді, оның ішінде 577 «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 39 «Қала маңындағы тасымал» АҚ, 11 «Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган», 111 ТМД қалыптастыру пойызы және 132 «жеке тасымалдаушылар».

Нәтижесінде 5 136 жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны анықталды, оның ішінде 38-і өрт қауіпсіздігі бойынша кемшілік.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-27; «Қала маңы тасымалы» АҚ-4; «Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган» - 1; «Жеке тасымалдаушылар» - 6 (Марал Нур-3 ЖШС, Nomadas-3 ЖШС) кемшілік анықталған.

Еске сал кетсек, 31 қазанда Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойыз өртеніп, 73 адам қаза тапты.