#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Қазақстанда ЖІӨ өсімі артты

  • 11.06.2019
  • 0
  • 409

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында биылғы қаңтар–мамыр аралығындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов биылғы қаңтар–мамыр аралығында ЖІӨ оң қарқыны сақталғанын — өсім  4% құрағанын айтты.

«Инвестициялардың динамикасы ЖІӨ өсім қарқынынан жоғары. Осы жылдың 4 айындағы 6,7%-ға қарағанда, өсім 7,8%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында инвестициялар бір жарым есе өсті. Өнеркәсіпте инвестициялар 17,5% -ға өсті», — деді Р. Дәленов.

Өнеркәсіптік өндіріс биылғы қаңтар–мамыр айларында 2%-ға артқан. Құрылыс саласында жеделдеу байқалады. 5 айдың ішінде өсім 8,8% жеткен. Өнеркәсіптік объектілерді, автокөлік жолдарын, газ құбырларын салу жұмыстары, сондай-ақ ірі зауыттардағы құрылыс-монтаж жұмыстары ұлғайған.

Ауыл шаруашылығында да тұрақты өсім байқалады. Өндіріс көлемі 3,7% артқан.

"Қызмет көрсету саласында жеделдеу байқалады. Есепті кезеңде бұл сала қаңтар-сәуір айларындағы 4,2%-ға қарағанда 4,7%-ға өсті. Аталған сектордың барлық салаларында динамиканың жеделдегені байқалады. Қызметтер сегментінде сауда ең жоғары өсімді көрсетеді. Сатылымдар көлемі 5 айда 7,5%-ға өсті. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, автобөлшектерді және мұнай өнімдерін сату көлемінің артуымен байланысты. Көлік саласында 5,3%-ға дейін жеделдеу белгіленген", - деді министр.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев осы жылдың мамыр айындағы айлық инфляцияның 0,6% құрағанын атап өтті. Инфляция жылдық көрсеткіште — 5,3%. Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес, инфляция 2019–2020 жылдарға белгіленген 4-6% нақтыланған мақсатты дәліз шегінде сақталады. Теңгенің айырбас бағамы 2018 жылдың соңындағы деңгейде сақталды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар