22 қаң, 2019 сағат 16:04

Қазақстанда Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді. Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтеді. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жоспарларды жүзге асыруға бастау болмақ.

«Осыған орай «Жастар жылының» логотипі әзірленді, онда жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі - үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен іс-қимылдың арқасында биіктікте самғау үшін қосымша жеңілдікке ие болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Таратылған мәліметке қарағанда, аталған бастама жастардың өзара іс-қимылы ұстанымын айғақтайтын ең жақсы тәсілі болып отыр. Тырналар жастық,  бақыт пен сәттілікті бейнелейді.

«Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге бірлескен күш-жігер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға, сары түс позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, ал көгілдір түс кеңшілдікті, шығармашылық әлеуетті білдіреді. Көк түс рухани тазалық пен кемелдікті, қызғылт-сары түс тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болады», - деп түсіндірді ведомство өкілдері.