06 ақп, 2018 сағат 11:07

Қазақстанда жаралы қасқыр аңшының өзіне шапты (Видео)

Оқ тиіп, ауыр жараланған қасқыр аңшылардың біріне шапты. Аталған сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі kaztwitter парақшасында жарияланған.

Видеоға түсіріп тұрған ер азаматтың айтуынша, бұл оқиға биыл 4 ақпан күні болған. Алайда, ол аңшылыққа қай аймақта шыққанын айтпады. Видеокадрларда әскери киім киген бірнеше аңшының қансырап жатқан қасқырдың жанында суретке түсіп жатқаны анық көрінеді. Артынша ер азаматтардың бірі жерде жатқан қасқырды теуіп көрмек болғанда, қансырап жатқан жыртқыш атып тұрып, оның өзіне атылған.