24 жел, 2018 сағат 16:35

Қазақстанда жаңа жылда қосымша пойыздар жүреді

Жаңа жылдық мереке күндері Алматы-2–Қостанай және Қостанай–Алматы-2 бағыты бойынша қосымша рейстер іске қосылды. 

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. 

"Алматыдан сәрсенбі – 26 желтоқсан, жексенбі – 30 желтоқсан және дүйсенбі – 31 желтоқсанда шығады. Қостанайдан бейсенбі (27 желтоқсан), дүйсенбі (31 желтоқсан), сондай-ақ келесі жылы 1 қаңтарда жүреді", — деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" компаниясы. 

Билеттер қазір сатылып жатыр. 

Айта кетсек, Алматы-Қостанай пойызына шағым көп түскеннен кейін "Турксіб-Астана" команиясы жағдай-ды түзеп, "апаттық" вагондармен жолаушы тасымалдауға уәде берген еді.