29 нау, 2020 сағат 20:30

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 283 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«29 наурыз сағат 23:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Атырау облысында - 6 адам, Алматы облысында - 2 адам» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Қазір елде науқастар саны 283 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.

30 наурыздан бастап Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылмақ. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды.

Вирус жұқтырған 283 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 167 адам

  • Алматыда - 70 адам

  • Атырау облысында - 12 адам

  • Қарағандыда - 7 адам

  • Ақмола облысында - 6 адам

  • Алматы облысында - 6 адам

  • Жамбыл облысында - 3 адам

  • Шымкентте - 2 адам

  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам

  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам

  • Ақтөбе облысында - 1 адам

  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам

  • Павлодар облысында - 1 адам

  • Маңғыстау облысында - 1 адам

  • Қызылорда облысында - 2 адам.