06 там, 2019 сағат 15:03

Қазақстанда валюта айырбастау орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰБ басқармасының №49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулы жобасына сәйкес, ақша айырбастау бекеттерінің жұмыс уақытын қысқарту жоспарланған.

Ол үшін қағиданың 33-тармағы 2-тармақшамен толықтырылады.

«Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктінің) жұмыс режімі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға 10 сағат 00 минуттан 19 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт шегінде дербес анықтайды», делінген құжаит жобасында.