13 ақп, 2020 сағат 10:38

Қазақстанда тіркелген көлік саны 1 жылда 12,3 пайызға артты

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 871 078 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда 871 078 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл 2018 жылдың 12 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,3 пайызға көп. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 776,9 мыңды құрады.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанда 24585 адам зардап шеккен 16614 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көлік апаты 5 пайызға артып отыр.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 29,7 млрд теңге сомасына 74914 сақтандыру төлемі жүзеге асырылды.