#
#
Cәрсенбі 01/04/2020

Қазақстанда тағы тоғыз адамнан коронавирус табылды, науқастар жүзге жуықтады

  • 26.03.2020
  • 0
  • 114

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыз түсте Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. 

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда біртіндеп көбейіп келеді. Бүгін таңертең жеті адамға вирус жұққаны белгілі болған еді. 

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 97 адамға жетті. Алматыда - 34 адам, Нұр-Сұлтанда - 55 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлаған.

Қазақстан коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялағанн. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 21 мыңнан астам адам қаза болған. 114 мыңнан астам адам сауығып шыққан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар