22 мам, 2020 сағат 12:16

Қазақстанда тағы 42 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда 42 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 7, Шымкент қаласында - 2, Атырау облысында - 4, Түркістан облысында - 3, Ақтөбе облысында - 4, Маңғыстау облысында - 8, Қызылорда облысында - 2, Ақмола облысында - 1, Қостанай облысында 3 адам дерттен айықты.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 3885 адамға жетті.