07 сәу, 2021 сағат 12:55

Қазақстанда соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 5 жылға өсті

Қазақстанда соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 5 жылға өсіп, 73,18 жасты құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2020 жылы Қазақстанда бала туу деңгейі жоғары болды. Мұндай жағдай соңғы рет 1987 жылы тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда, жүкті әйелдер саны 21 мыңға (435 674), босанған әйелдер 22 мыңға (421 654) және туған нәресте саны 24 мыңға өскен (427 303).

2020 жылы қаржыландыру 1,5 есе көбейтілген (2020 жылы – 2 030,7 млрд. теңге, 2019 жылы – 1 298,7 млрд теңге).

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті. Соның ішінде дәрігерлердің жалақысы – 30 пайызға (246 мың теңге), медициналық орта мамандардың жалақысы – 20 пайызға (144,6 мың теңге) артты. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болмақ. 

2020 жылы амбулаторлық қамтамасыз етуді қамту 3 есе кеңейтілген (45-тен 137 ауруға дейін). 

Жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету көрсеткіші 16 пайызға өскен (2020 жылы – 9,9 мың қызмет, 2019 жылы – 8,5 мың қызмет).

2020 жылы экстракорпоральді ұрықтандырудың 1 103 процедурасы өткізілген, -3,2 мың пациентке кардиохирургиялық, 1,5 мың пациентке – нейрохирургиялық ота жасалды. 

2020 жылы көрсетілген оңалту қызметтерінің саны 7,6 пайызға өскен (131 мың пациент).

2020 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету саны 3,4 есе (82,9 млн. қызмет), КТ – 2 есе (234 мың қызмет), ал МРТ в 2,6 есе (219 мың қызмет) өсті.