11 мам, 2019 сағат 15:58

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды

11 мамыр күні Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды.  Яғни, бүгін кешкі сағат 18:00-ден кейін кезектен тыс президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шаралары ашық деп жарияланды.

ҚР Орталық сайлау коммиссиясы жеті кандидатты тіркеді.

  • Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;
  • Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;
  • Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы;
  • Төлеутай Рақымбеков - "Ауыл" партиясы;
  • Жамбыл Ахметбеков - Қазақстан коммунистік халық партиясы;
  • Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Айта кетейік, заң бойынша сайлауалды үгіт-насихат маусымның 7-і күні түнгі 23:59-де аяқталады. 8 маусым - Тыныштық күні. Ал ертеңінде, яғни 9 маусымда таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс беру науқаны жүреді. Дауыс санау 12 сағаттың ішінде атқарылады.