#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Қазақстанда полицияға алатаяқ қайтарылуы мүмкін

  • 20.08.2019
  • 0
  • 421

ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне алатаяқты қайтаруға бастама көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта енгізуді ұсынады», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта. 

Бұл ретте министрлік алатаяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды. Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар