#
#
Дүйсенбі 19/02/2018

Қазақстанда нақты жалақы көлемі қатарынан үшінші жыл төмендеді

  • 29.01.2018
  • 0
  • 612

Қазақстандықтардың нақты жалақысы қатарынан үшінші жыл төмендеп отыр. Halykfinance еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға жасалған талдауды жариялады, деп жазады sputniknews.kz.  

"Экономика баяу болса да өсіп жатқанына қарамастан, нақты жалақы көлеміне қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр, ол қатарынан үшінші жыл төмендеді. 2017 жылдың алғашқы үш тоқсанында шамамен орташа 2%-ға азайды. Біздің пікірімізше, 2018 жылы нақты жалақының төмендеуі 0,5%-ға дейін әлсірейді. Еңбекақының едәуір жылдам қалпына келуіне мұнай бағасының арзан болуы, қаржы нарығындағы қатаң талаптар, мемлекеттің экономикаға қомақты қаржы салудан бірте-бірте кетуі және жеке сектордың баяу дамуы кедергі келтіріп отыр", — деп жазған баяндаманың авторы.

Талдаушылардың пікірінше, жұмыспен қамтылған халықтың тек 70%-ы зейнетақы жинағын аударады. Сонымен бірге, қанша адам орташадан төмен жалақы алатыны да белгілі болды.  

"Жалақы көлемі бойынша мәліметтер жұмыспен қамтылған төрт адамның үшеуге жуығы 144 мың теңгеге теңестірілген орташа жалақыдан төмен алғанын көрсетіп отыр", — деп атап өтті мамандар.  

Мысалы, ауыл шаруашылығындағы қызметкерлердің 90%-ы 150 мың теңгеден аз жалақы алған. Сауда, білім, мемлекеттік басқару салаларында жалақыға қатысты жағдай біршама жақсы.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар