14 мау, 2018 сағат 08:00

Қазақстанда мұнай өндірісі 7,8% артты

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-мамырында 32,185 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,8 процентке көп, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде газ конденсаты 5,501 млн тонна (былтырғыдан 1,7 процентке аз), табиғи газ - 23,883 млрд текше метр (+9,1 процент), көмір - 46,98 млн тонна (+4 процент), темір рудалары - 17,252 млн тонна (+11,1 процент), жез рудалары - 41,367 млн тонна (+3,5 процент), құрамында алтыны бар рудалар 8,637 млн тонна (+13,8 процент), хром қоспасы - 1,916 млн тонна (+5,8 процент) көлемінде өндірілді.