#
#
Сенбі 21/07/2018

Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейді

  • 11.05.2018
  • 1
  • 2994

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде типтік оқу жоспарларын жеңілдету бағытында жұмыстарға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарапшылардың көпшілігі біздің балалардың мектептегі жүктемесіне ауыр екенін растап отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы назар аударған еді. ТМД және ЭЫДҰ елдерімен салыстырсақ, біздің типтік оқу жоспарларымыздың артық жүктемесі бар. Қазіргі кезде министрлік тиісті жұмысты іске асырып жатыр, осы орайда жұмыс тобы құрылды. Бұл бағытта сарапшылармен, әдіскерлермен және педагогтық қоғамдастықпен консультациялар жүріп жатыр», - деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда ол мектеп бағдарламаларын жеңілдету ауқымды талдау жұмыстарын қажет етіп отырғанын сөз етті.

«Оқу бағдарламасын жай ғана қысқарта салу қисынсыз әрекет. Бұл ретте білім саласы алдында тұрған мақсаттарды ескеру керек, сонымен қатар қоғам үшін қажет мектеп түлегіне қойылатын талаптар пысықталуы тиіс. Сондықтан осы өзекті мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Сәйкесінше, бұл бағытта білікті сарапшылар өз бағасын беруі орынды болар еді», - деп түйді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында Мәжілісте орта білім мәселелеріне арналған отырыста Бекболат Тілеухан баласы теңертеңнен кешке дейін мектепте екенін айтып, наразылығын білдірген еді. 

1 пікір

  • ҚайратБейсенбі, 17.05.2018

    Біздегі мектеп бағдарламасы өте күрделеніп қиындап барады. Ата-аналар берілген тапсырмаларға басы жете бермейді. Негізгі пəндер кеңес кезіндегі түзілген бағдарлама күйінде оқытылуда. Жеңілдету үшін сыныптардағы өзін өзі тану, алаш тану, абай тану сияқты өмірлік маңызы төмен пəндер керек емес. Кітаптардағы таулар, көлдер, аңдарды, құстарды жəне ақындардың шығармаларын негізгі кітаптардан қосымша кітаптарға өткізу керек. Ол қосымша кітаптар танымдық болып, мектеп кітапханаларынан үйде бос уақытта танысып оқуға тарқатылса. Негізгі мектеп сағаттарында уақытты ала бермейді. Алгебрадағы функция, логарифм, бейсик, теңсіздік сияқты баршаға бірдей керек емес сабақтарды ЖОО орындарына ауыстыру керек. Ол сабақтарды 95%оқушы болашақ өмірінде пайдаланбайды. Солай солай керексіз сабақтармен,қайталана беретін, артық тапсырмаларды қосымша кітаптарға өткізіп тастау керек. Орнына заман талабына сай, электроника, автоматтандыру, роботтандыру, көлік үйрену, заңдар, кəсіпкерлік негіздерін енгізіп, заманауи тəжірибелерге көп көңіл бөлу керек.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар