01 нау, 2021 сағат 10:33

Қазақстанда медициналық қызметтерді мониторингілеудің жаңа әдісі енгізіледі

Қазақстанда медициналық қызметтерді мониторингілеудің жаңа әдісі енгізіледі. Бұл туралы бүгін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқармасының төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылы қор маңызды жаңалық – проактивті мониторингті енгізуді жоспароап отыр. Оның айырмашылық ерекшелігі – заң бұзушылықтар анықталған сәтте айыппұл санкцияларының жоқтығы. Жеткізуші келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 45 күннің ішінде анықталған ақауды жоюы тиіс. Оны жоймаған жағдайда экономикалық іс-шаралар қолданылады», - деді ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында. 

Оның атап өтуінше, осыған байланысты медициналық ұйымдардың басшылары пациенттерді қолдау және сапаның ішкі сараптамасы қызметтерінің жұмысын күшейтуі қажет. 

«Сондай-ақ медициналық құжаттамаларды толтыру дұрыстығы, дәрігерлік тағайындаудың толықтығы мен дер уақытында орындалуы бойынша орта персоналдар жұмысының сапасына жүйелі сараптама жүргізу қажет. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның басталуын ескере отырып, желілік шкаланы жаңғыртуы және осы жылдың екінші тоқсанына бастап айыпппұл санкцияларына мораторийді алып тастауды ұсынамыз», - деді Болат Төкежанов.