#
#
Сенбі 24/08/2019

Қазақстанда лаңкестік пен экстремизм үшін сотталғандардың кескіні жасалады

  • 18.06.2019
  • 0
  • 198

Қазақстанда лаңкестік пен экстремизм үшін сотталғандардың кескіні жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бекболат Шәкіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл бізде тәуекелдерді бағалау жүйесін жүргізу жоспарланған. Бізге сотталушы кескінін құрастыру үшін әлеуметтік зерттеу жүргізу қажет. Бұл үшін БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасымен, мүдделі мемлекеттік органдармен, жетекші және бейінді оқу орындарымен бірлесіп, осы жылдың ішінде әлеуметтік зерттеу бастауды жоспарлап отырмыз. Ол мұнан ары тәуекелдерді бағалау жүйесін әзірлеу үшін қажет», - деді басқарма басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, шілде айының соңында Қазақстанға Канададан тәуекелдерді бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы келеді.

«Аталған сарапшы біздің қызметкерлеріміз үшін тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша тренинг өткізеді. Бұл тәуекелдерді цифрлық бағалау болмақ. Яғни, онда сауалдар тізбесі құрастырылады. Бізге түскен сотталушыға мақсатта сұрақтарды қоямыз және нәтижесі бірден шығады. Қазақстанда Ханафи мазһабы мойындалған. Сондықтан сотталушыда бұл мазһабтан қандай да бір ауытқушылық байқалса, онда біз онымен мақсатты түрде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - Бекболат Шәкіров.

Айта кетейік, елордада БҰҰ Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасы мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «2018-2021 жылдарға арналған эктремистік және лаңкестік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмысты күшейтуге, пенитенциарлық мекемелерде радикалдық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қолдау көрсету» бірлескен бағдарламасын  жүзеге асыруды үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтіп жатыр.

Шараға ҚР СІМ,  АҚДМ, БҒМ, ҰҚК, Бас прокуратура, Еуропалық одақ өкілдігі, Қазақстандағы Нидерланды корольдігі, Жапония, Германия Елшіліктерінің өкілдері қатысуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар