#
#
Бейсенбі 09/04/2020

Қазақстанда күн жылынып, ауа температурасы көтеріледі

  • 26.02.2020
  • 0
  • 164

Синоптиктер 27-29 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыс аяқталып үлгермесе де, Қазақстанда көктем өз үстемдігін орнатып жатыр. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 5...12°С жоғары болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар жауады.

Циклондар мен антициклондар бір-біріне тез ауысып, синоптиктер оларды бақылауға үлгермей отыр. Ал олардың тез ауысуы - көктемгі процестердің басталуының негізгі белгісі.

Міне, алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы суық полярлық және арктикалық фронттар үлкен жылдамдықпен өтеді, оның артынан антициклон тарайды. Содан кейін батыс облыстарға Ресейдің еуропалық бөлігінен кезекті фронттар келеді.

Сондықтан жаңбыр және жылбысқы қар жауады, артынша күн ашылып, күн райы тез өзгереді. Ауа температурасы өте жоғары болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар