23 қаз, 2019 сағат 09:26

Қазақстанда күн жылынады

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Батыс желі күшейіп, бұрқасын да болуы мүмкін.

Ал тропосферада батыс ағындарымен Атлантикадан жылы және ылғалды ауа келеді. Соның әсерінен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі. Ауа райы осы кезең үшін әдеттегі температурадан 2...5°С жоғары болады.