11 мау, 2018 сағат 10:48

Қазақстанда күн суытуы мүмкін

Синоптиктер 12-14 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай тұрып, тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстан территориясына алдағы үш күнде салқын, дымқыл ауа түсетін болады. Республиканың басым бөлігінде соның әсерінен жаңбыр және найзағаймен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай болған кезде кей жерлерде желдің өткінші дауылдың күшеюі және бұршақ жаууы байқалады. Өткен демалыс күндерімен салыстырғанда, климаттық нормадан 1-4 градус төмен болуы ықтимал", - деді синоптиктер.