16 сәу, 2018 сағат 09:36

Қазақстанда күн суытады

Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон ауысып, жауын-шашын уақытша тоқтайды және ауа температурасы көтеріледі, алайда кейін күн райы қайта суып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Осылайша, 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте жаңбыр жауады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтілуде және ауа температурасы түнде батыста 0 +5 градус, солтүстік пен орталықта  0 -8 градус болуы ықтимал.

Каспий теңізінің оңтүстігіне кезекті циклон ауысып, солтүстік-шығысқа жылжиды, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 19 сәуірде түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.