#
#
Сенбі 23/11/2019

Қазақстанда көрші елдерде тіркелген 900-ден астам көлік апатқа ұшыраған - ҚР ІІМ

  • 22.10.2019
  • 0
  • 78

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев шетел нөмірлерімен жүрген көлік жүргізушілеріне қатысты жауапкершілікті күшейту шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетелде тіркелген көліктерге де айыппұл салынатын болады. Қазақстан Кедендік Одақтың мүшесі. Азаматтар осы жағдайды пайдаланып қалуға тырысып отыр. Яғни Ресейден, Қырғызстаннан, Беларусьтен және Армениядан автокөлік тасымалдау артты. Жыл басынан бері осы көліктерге қатысты 923 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апат салдарынан 58 адам мерт болып, 314-і жарақат алды», - деді Ә. Кеңесбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Комитет жол ережесін өрескел бұзу жағдайларына қарсы қатаң шараларды қабылдайтынын атап өтті.

«Біз Бас прокуратурамен, кредиттік бюромен, Ұлттық банкпен көлік иелерін сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргіздік. Заңнамаға сәйкес, Қазақстанға уақытша кірген кез келген көлік құралы міндетті сақтандыруға жатады. Осы орайда сақтандыру полистері бойынша мәліметтер банкі бар, онда көлік иелері мен автомобильді басқарып жүрген азаматтардың аты-жөні тіркелген. Сонымен қатар, онда көлікке қатысты мәліметтер, яғни маркасы мен мемлекеттік нөмірі де бар. Енді көлік басқарып жүрген адамдар жол ережесін бұзса, бұл фактілер олардың мекенжайына жіберіледі», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі қырғыз, армян нөмірлі көлік иелеріне айыппұл салына бастайды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар