21 мам, 2020 сағат 16:27

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың дені 20-30 жастағылар

Қазақстанда коронавируске шалдыққандардың дені 20-30 жас аралығындағы азаматтар. Бұл туралы Сoronavirus2020 сайтының статистикалық мәліметінде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың көп жағдайы немесе 54,99 пайызы науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандар арасында тіркелді. Шетелден алып келгендердің үлесі – 7,49 пайыз, жергілікті жерде жұқтырғандар – 36,36 пайыз болып отыр. 

Науқастардың 83,27 пайызы сырқатты жеңіл көтерсе, 15,09 пайызы орташа күйде, ал 1,18 пайызы ауыр жағдайда өткеруде

Індетке шалдыққандардың 38,88 пайызы – әйелдер61,12 пайызы – ерлер. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбі – 20-30 жас аралығында (29,65 пайызы). Сондай-ақ 4,77 пайызы – 0-10 жасар балалар, 10,29 пайызы – 10-20 жастағылар, 20,87 пайызы – 30-40 жас, 15,42 пайызы – 40-50 жас, 11,81 пайызы – 50-60 жас, 6,98 пайызы – 60 жастан асқандар.