25 мам, 2020 сағат 15:20

Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 4500-ден асты

Қазақстанда тағы 106 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 65, Алматы қаласында - 18, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Ақмола облысында - 3, Қарағанды облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында - 4, Қостанай облысында - 1, Жамбыл облысында 2 адам дертіне айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 4506-ға жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 914
Алматы қаласы – 1276
Шымкент қаласы – 222
Ақмола облысы – 104
Ақтөбе облысы – 172
Алматы облысы – 172
Атырау облысы – 233
Шығыс Қазақстан облысы – 47
Жамбыл облысы – 173
Батыс Қазақстан облысы – 251
Қарағанды облысы – 191
Қостанай облысы – 60
Қызылорда облысы – 228
Маңғыстау облысы – 100
Павлодар облысы – 148
Солтүстік Қазақстан облысы – 33
Түркістан облысы – 182