29 нау, 2020 сағат 14:55

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 271 адамға жетті

29 наурыз сағат 17:55 жағдай бойынша кронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

29 наурыз Қазақстанда 40 адамнан коронавирус табылды. 

Қазір елде науқастар саны 271 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.

30 наурыздан бастап Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары карантинге жабылмақ.

Вирус жұқтырған 271 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 166 адам
  • Алматыда - 67 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысында - 6 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысында - 2 адам.