20 нау, 2020 сағат 15:26

Қазақстанда коменданттық сағат енгізіле ме – министрдің жауабы

Қазақстанда коменданттық сағат енгізілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елімізде коменданттық сағат енгізілмейді және бұл мәселе талқыланбайды да. Вирусты инфекцияның таралу қаупін азайтуды қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай режимі де жеткілікті», - деді министр. 

Сондай-ақ Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков коменданттық сағат қандай жағдайда енгізілетінін түсіндірді. 

«Коменданттық сағат енгізу Төтенше жағдай туралы заң негізінде жүзеге асады. Оны енгізу үшін заңда көрсетілген он шақты негіз болуы керек», - деді Олжас Данабеков.