#
#
Сенбі 24/08/2019

Қазақстанда қолма-қол ақшаның көлемі өсті

  • 29.01.2019
  • 0
  • 1335

Елімізде қолма-қол ақшаның көлемі өткен жылы 16,1 пайызға өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық банкі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2018 жылдың желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда 8,5 пайызға, ал жалпы 2017 жылдың көрсеткішпен 16,1 пайызға, яғни 2,26 трлн теңгеге дейін артты.

Қолма-қол ақша мен өтімді теңгелік депозиттер енетін М1 ақшалай агрегаты өткен айда 10,9 пайызға (2018 жылдың басынан бастап 12,8 пайызға), яғни 5,605 трлн теңгеге дейін артқан. Ал қолма-қол ақшаны, барлық теңгелік және өтімді валюталық депозитті қамтитын М2 индикаторы 3 пайызға (+7,1 пайызға), яғни 14,467 трлн теңгеге дейін өскен.

Ақшалай масса 4,6 пайызға (+7 пайызға) - 20,813 трлн теңгеге дейін көбейген. Ақшалай база немесе ҚР Ұлттық банктің ақшасы өткен жылдың желтоқсан айында 11,1 пайызға (2017 жылдың желтоқсанынан бері 20,1 пайызға) артқан. Жалпы, ақшалай база 4,3 пайызға (+16,2 пайызға) - 5,995 трлн теңгеге көбейген.

ҚР Ұлттық банкінің есебіндегі екінші деңгейлі банктер мен өзге де ұйымдардың депозиттерінің мөлшері 13,3 пайызға (+22,9 пайызға) - 4,032 трлн теңгеге ұлғайған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар