#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Қазақстанда қазан айында инфляция 0,4 пайыз болды

  • 02.11.2018
  • 0
  • 878

2018 жылдың қазан айында Қазақстанда инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызды, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,7 пайызды құраған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 0,3% пайызға, тағамдық емес тауарлар құны - 0,7 пайызға, тұрғындар үшін ақылы қызметтер 0,2 пайызға қымбаттаған.

Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының құны 2,6 пайыз, тағамдық емес тауарлар 5,1 пайыз, ақылы қызметтер - 3,5 пайызға қымбаттады.

Жыл басынан бері қанттың бағасы - 20,9%, мәйектегі ірімшік - 10,6%, консервіленген сүт - 9,4%, жылқы еті - 9,4%, сары май - 7,4%, шошқа еті, шұжықтар - 5,8%, сиыр еті - 5,3%, қой еті - 5,1% көтерілген.

Сарымсақ - 37,2%, тәтті бұрыш - 36,1%, картоп - 28%, сәбіз - 24,1%, қарақұмық - 21,2%, сәбіз - 14,8% арзандағаны байқалды.

Автомобильдер, құрылыс материалдарының құны  6,3%, киім-кешек пен аяқ-киім - 6,1%, фармацевтикалық өнімдер - 6%, тұрмыстық құрал-жабдықтар - 5,9%, кеңсе тауарлары - 5,7% артқан.

Дизелдік отын 20%, тас көмір 6,8%, баллондардағы сығылған газ 6% қымббаттаса, бензин 2,7% арзандады.

Кабельдік телевидение қызмет көрсету бағасы 11,4%, құқықтық қызмет көрсету, көліктерді сақтандыру - 6%, медициналық қызметтер - 5,5% жоғарылаған. Әуе көліктерін пайдалану құны 13,7%, теміржол көлігі - 8,1%, қаларалық автобустар - 6,3%, қалаішілік автобустар - 3,1% қымбаттаған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар