09 қаң, 2018 сағат 08:28

Қазақстанда қандай айыппұл сомалары азайтылды?

9 қаңтардан бастап кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдардың мөлшері төмендетілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне түзетулер енгізілгені белгілі. 

Заңмен ҚРӘҚБтК әкімшілік құқық бұзушылықтардың 40 құрамы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері төмендетілді.

Мысалы, егер де бұрын Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру келісімшартын жасасуға міндетті тұлға міндетті сақтандыру келісімшартын жасасудан жалтарғаны үшін 20 АЕК айыппұл салынған болса, қазір міндетті сақтандыру келісімшартын жасасудан жалтарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бүгінде мүгедектердің көлік құралдарын қоюға арналған орындарға қойғаны үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК-дан 10 АЕК немесе 24 050 теңгеге дейін төмендетілді. Өткен жылы жүргізушілер осы ережені бұзса 113 450 теңге әкімшілік айыппұл төлейтін еді.

Сонымен қатар, бұрын жаяу жүргіншілер және басқа да жол қозғалысының қатысушылары қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК (11 345 теңге) айыппұл салынған болса, қазіргі кезде 2 АЕК (4 810) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жылдың ішінде қайтадан жасалған жаяу жүргіншілер және басқа да жол қозғалысы қатысушыларының қозғалысына басымдықтар бермегені үшін жазалау өзгерді. Бұрын ол үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, қазіргі уақытта - 15 АЕК.

Сағатына 10 шақырымнан 20 шақырымға дейін жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі) айыппұл 10 АЕК-дан 5 АЕК дейін төмендетілді, сағатына 20 шақырымнан 40 шақырымға дейін жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі) айыппұл 15 АЕК-дан 10 АЕК төмендетілді, 40 шақырымнан жоғары жылдамдықты арттырғаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 3-бөлігі) айыппұл 30 АЕК-дан 20 АЕК төмендетілді, осы баптың 2,3-бөліктерінде қарастырылған іс-әрекеті, яғни әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жылдың ішінде қайтадан жасағаны үшін (ӘҚБтК 592-бабы 4-бөлігі) айыппұл 40-тан 30 АЕК дейін төмендетілді.

ҚР ӘҚБтК 592-бабы 1-бөлігі бойынша қайталанушылық қарастырылмаған. Бұдан басқа, ӘҚБтК 811-бабы 1-бөлігінің жаңа редакциясына сәйкес (әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) егер де автомат режимде жұмыс істейтін, сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптармен жазып алынған әкімшілік құқықбұзушылықты тұлға белгіленген үлгідегі түбіртекпен айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымды тиісінше жеткізген уақыттан бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды төлеуге құқылы.