#
#
Жексенбі 24/06/2018

Қазақстанда еркектердің декретке шығуы жиілеп кеткен

  • 08.01.2018
  • 0
  • 989

Қазақстандағы отбасылардың арасында баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем рәсімдейтін еркектер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы аталған әлеуметтік төлем алушылардың жалпы санының 98 пайызын әйелдер, тек 2 пайызын еркектер құраған болатын. Ал 2017 жылы 1 жасқа дейінгі  баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтінім бергендердің жалпы санының 8 пайызын еркектер құрады», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сауалға берген жауабында. 

Астана қаласының тұрғыны Ильзат Сафарғалиевтің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына жұбайына қарағанда өзінің жалақысының жоғары болуы себеп болған.

Айта кетерлігі, бала дүниеге келгенде төленетін төлемақының бірнеше түрі бар. Біріншісі, жұмыс істейтін әйелге тиесілі декреттік төлемақы. Ол бір-ақ рет беріледі. Оны есептеудің өзіндік үлгісі бар. Табыс мөлшері нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан бала туғанға дейінгі соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Төлем мөлшерін соңғы жылдың орташа айлық табысын 10% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарын шегерумен еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы білуге болады. Орташа айлық табыс жыл бойғы жалпы табысты 12 айға бөлгенде анықталады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті жүктілігі және босануына байланысты демалыс күндерінің санын 30 күнге бөлумен анықталады. Сол себепті максималды коэффициент 126/30=4,2 теңеледі.

Бала туғандағы біржолғы жөргекпұл мөлшері заңмен бекітілген. Бірінші, екінші және үшінші балаға -  30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал, төртінші, бесінші, алтыншы және т.б. балаларға - 50 АЕК төленуге тиіс.

Ал, сол баланың бір жасқа дейінгі күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақыны  алуға сәбидің анасы  немесе әкесі өтініш бере алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдың 9 айында Әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен бала туғаны үшін 48 млрд теңге, 1 жасқа дейін бала күтімі үшін 53 млрд теңге төленген.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар