#
#
Жексенбі 25/08/2019

Қазақстанда ең көп сатылған көліктің орташа құны қанша?

  • 16.07.2019
  • 0
  • 624

Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан азаматтары 282,5 млрд теңгеге 30 754 жаңа жеңіл көлік және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, жеңіл көліктің орташа құны 8,8 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6 пайызға өсті. Қазақстанда құрастырылған көліктер сегментінде бұл көрсеткіш орташа нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен болып, 6,6 млн теңге шамасында қалыптасты. Ал импорттық көліктердің орташа құны 10,9 млн теңге сомасында тіркелді.

«Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша сатып алушылардың үштен біріне жуығы (29,3%) 5 млн теңгеден қымбат емес автомобильдерді таңдады. 5-7 млн теңгеге бағаланып, сатылған көліктің үлесі 19 пайызды (5 840 автомобиль) құрады», - делінген хабарламада.

Көлік сатып алғандардың 13,9 пайызы (4 271 көлік) 7-10 млн теңге аралығындағы автомашиналарға таңдау жасады.

Сонымен қатар, бизнес (10-15 млн теңге) әрі премиум санаттағы (15 млн теңгеден жоғары) сегменттер жаңа көліктер нарығында сәйкесінше 26,9 пайызды (8 275 көлік) және 10,9 пайызды (3 348 көлік) қамтыды.

Ең қолжетімді жеңіл модельдер рейтингінде ұсыныстардың жартысы Қазақстандағы автоөндірушілерге тиесілі. Мәселен, бағасы төмен көліктер арасында 3,1 млн теңгеден басталатын Lada Granta көш бастап тұр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар