#
#
Сенбі 06/06/2020

Қазақстанда екінші медбике коронавирус жұқтырды

  • 29.03.2020
  • 0
  • 263

Елімізде екінші медбике коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Бірінші медбике індетті Атырау облысында жұқтырғанын бұған дейін жазған болатынбыз. 

Екінші жағдай Қызылорда облысында анықталды. 

«Облыс орталығында тұратын 23 жастағы тұрғыннан түнде алынған сынамалардың қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол емханада медбике болып жұмыс істейді және кеше коронавирус диагнозы расталған науқасқа ем-дом жасаған. Онымен жақын байланыста болған 16 адам карантинде, қалғаны үй жағдайындағы карантинде», - делінген ақпаратта. 

Осы уақытта Қазақстанда індетті жұқтырудың расталған 271 оқиғасы тіркелді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар