16 нау, 2020 сағат 08:42

Қазақстанда доллар 450 теңгеден сатылып жатыр

Дүйсенбі, 16 наурыз күні теңге күрт құлдырап кетті. Айырбастау пунктерінде  доллар 440-450 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде доллар 440 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы 425 теңгені құраған.

Ал Нұр-Сұлтанның кейбір пунктерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін жетті.

Америкалық валютаның орташа бағамы 424 теңгені құрап отыр.