#
#
Сейсенбі 07/04/2020

Қазақстанда бір күнде 725 мың медициналық маска өндірілді

  • 25.03.2020
  • 0
  • 83

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазіргі таңда Қазақстандағы фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының бәрі толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн данаға дейін маска өндіре алатынын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрліктің мәліметіне сүйенсек 2020 жылдың 23 наурызында барлық масканың күндік көлемі 725 мың дананы құраған. Оның 221 мыңын фармацевтикалық компаниялар өндірсе, 504 мыңын тігін компаниялары шығарған. Қоймаларда қазіргі таңда 584 мың дана маска бар.

«Ақпарат алдымен медициналық маска сататын «СК-Фармация» ЖШС-ге беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімдерді елдің өңірлері бойынша таратады. Дәкелі мен маталы маскалар жергілікті билік органдарымен келісімшарт негізінде сатылады. Бүгінгі күні медициналық бетперделер шығару бойынша жұмыстарды тәулік бойы отандық кәсіпорындар жүргізуде. Олар: «Dolce» ЖШС (Алматы облысы), «Super-pharm» ЖШС (Жамбыл облысы), «Mega Pharma» ЖШС (Жамбыл облысы), «Medical Active Group» ЖШС (Алматы), «Мерусар» ЖШС (Павлодар), «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе). Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп маска өндірісіне 70-тен астам тігін кәсіпорны, атап айтқанда «Dalatеx» ЖШС (Қызылорда), «Большевичка» ЖШС (Қостанай), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау), «КазЛегПром» ЖШС (Алматы), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау облысы) компаниялары тартылды», - деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметінен.

Тігін және фармацевтика кәсіпорындарын маска өндіруге арналған шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік «Azala Textile» ЖШС-мен бірге дәке өндірісін бастау туралы мәселені пысықтаған. Қазіргі таңда қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың қума метр болатын 3 станок іске қосылған.

«Бүгінгі күні барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорнының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн данаға дейін маска өндіруге мүмкіндік береді. Отандық тігін кәсіпорындары мақта-мата маталардан (дәке, бөз, миткаль) көп реттік 4,8,16 қабатты маска шығарады», - деп хабарлайды министрліктен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар