27 мам, 2020 сағат 06:00

Қазақстанда бір күнде 335 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте Қазақстанда 335 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Нұр-Сұлтан қаласында - 78, Алматы қаласында 77 адамға вирус жұққан. Қарағанды облысында, Шымкент қаласында коронавирус жұққан ондаған адам анықталған. Бұл туралы 27 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

  • Алматы қаласы – 77 (Барлығы 2353), өсім - 3,4%
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 78 (Барлығы 1764), өсім - 4,6%
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 944), өсім - 2,3%
  • Шымкент қаласы – 713 (Барлығы 38), өсім - 5,6%
  • Қарағанды облысы – 43 (Барлығы 705), өсім - 6,5%
  • БҚО – 20 (Барлығы 472), өсім - 4,4%
  • Жамбыл облысы – 15 (Барлығы 358), өсім - 4,4%
  • Түркістан облысы – 5 (Барлығы 337), өсім - 1,5%
  • Алматы облысы – 5 (Барлығы 305), өсім - 1,7%
  • Қызылорда облысы – 7 (Барлығы 304), өсім - 2,4%
  • Ақтөбе облысы – 4 (Барлығы 282), өсім - 1,4%
  • Павлодар облысы – 4 (Барлығы 191), өсім - 2,1%
  • Маңғыстау облысы – 4 (Барлығы 176), өсім - 2,3%
  • Ақмола облысы – 0 (Барлығы 147), өсім
  • Қостанай облысы – 4 (Барлығы 131), өсім - 3,1%
  • ШҚО – 7 (Барлығы 73), өсім - 3,1%
  • СҚО – 3 (49), өсім - 6,5%

Бір күнде 98 адам жазылған. Барлығы 4613 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.