16 шіл, 2019 сағат 07:59

Қазақстанда бензин өндірісі 12,8 пайызға артты

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндіру көрсеткіші 1 975,9 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Есепті кезеңде 305,5 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғандағы өсім - 150,8 пайыз), 1 245 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (-0,2 пайыз), 2 408,8 мың тонна газойл (+12,7 пайыз), 1 551,1 мың тонна мазут (+2,7%) өндірілді.

Сондай-ақ, 1 100,4 мың тонна ферроқорытпа (+8,5%), 1 041,2 мың тонна жазық прокат (-29%), 67,7 мың тонна тазартылған қорғасын (-10,8%), 163,8 мың тонна мырыш (+3%), 227 мың тонна тазартылған мыс (+13,8%) өндірілген.