09 шіл, 2018 сағат 11:07

Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн салқындайды

Қазгидромет 10-12 шілде күндері Қазақстанда күн салқындай түсетінін болжап отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы 40...45°С ыстық болды. Бірақ алдағы үш күнде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан ауа ағындарымен бірге Қазақстанға салқын және ылғалды ауа енеді. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдеп, солтүстік жартысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, күшті жел тұруы мүмкін. Оңтүстік облыстардың кейбір аудандарында да, әсіресе таулы және тау бөктері аудандарында найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал», - дейді синоптиктер.