#
#
Сенбі 20/07/2019

Қазақстандық порталдардың көрсеткішін өлшейтін жаңа сайт іске қосылды

  • 05.03.2019
  • 0
  • 804

Алматыда olshem.kz сайты іске қосылды. Жаңа ресурс – бұл жобаға қатысып отырған 25 порталдың Қазақстанда кәсіби және ашықтық деңгейі жоғары нарықты құру бағытындағы ұмтылысының нәтижесі.

Отандық нарық үшін жаңа аталмыш ресурс - olshem.kz сайты деректер аналитикасы саласындағы Chartbeat атты озық компаниямен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Компанияның қызметтерін АҚШ медиа нарығының 75%-ы қолданады. Ашық, айқын әрі кәсіби медиа нарығын қалыптастыру мақсатында жетекші қазақстандық интернет-басылымдардың бірлескен шешімі ретінде құрылған бұл веб-сайт өз жұмысында ең үздік халықаралық стандарттарды қолданатын болады.

Chartbeat технологиялары отандық БАҚ-қа өз оқырмандарының шынайы қажеттіліктерін ескере отырып, бизнес үдерістерді орнату арқасында жарнама берушілерді кеңінен тартуға мүмкіндік бермек. Заманауи құралдар мен озық технологияларды қолдану журналистика сапасын көтеріп, отандық БАҚ нарығының кәсіби деңгейінің өсуіне әкелмек.

«Қазақстан тарихында тұңғыш рет 25 отандық интернет БАҚ оқырмандармен және жарнама берушілермен өз қатынасында адалдықты ұстанатындығын ашық түрде көрсету жөнінде өз еркімен шешім қабылдады. Chartbeat технологиялары арқасында олар өз статистикасының көрсеткіштерін, соның ішінде бұған дейін жарияланбаған көрсеткіштерді ашып көрсетпек. Бұл оқырмандардың қажеттіліктерін тереңірек түсініп, аудиторияны тарту, қазақстандықтар үшін шынымен де маңызды әрі қажетті репортаждар мен лонгридтерді дайындауға бағытталған көбірек контентті жасап шығару үшін қазақстандық журналистерге арналған бірегей мүмкіндік», - деп өз бойымен бөлісті Chartbeat жобасы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Михаил Дорофеев.

Сайт Қазақстандағы Chartbeat апталығы аясында іске қосылды. 4 наурыздан бастап білім беру бағдарламалары жөніндегі аға басшы Джилл Николсон және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджер Кара МакКлоуски Алматы және Астана қалаларында білім беру тренингтерінің топтамасын өткізіп, жоба қатысшыларының редакцияларында болып қайтады. Сондай-ақ, сапар аясында жарнама нарығының қатысушылары үшін Chartbeat сервисінің құралдарына арналған семинарлар және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен кездесу өткізіледі.

«Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқы мен Үкіметі үшін маңызды бірқатар бастамаларға үлкен мақтанышпен қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Осындай бастамалардың бірі – ел ішінде мықты әрі кәсіби журналистиканы ілгерілету. Қазақстан Үкіметі және қазақстандық қоғам АҚШ-та қолданылатын инновациялар мен технологияларға қызығушылық танытып отыр. АҚШ бас консулы ретінде мен бұл жоба осы технологиялардың кейбіреуін ендіріп, осылайша Қазақстандағы мықты журналистикан қолдаға өз үлесін қосады деп үміттенемін», - деп атап өтті АҚШ бас консулы Эрик Мэйер.

Оlshem.kz ресурсы жарнама нарығына жобаға қатысатын порталдардың оқырмандар аудиториясы жайлы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік бермек. Бұл БАҚ-та жарияланатын материалдардың мақсатқа бағыттылығын арттырмақ. Chartbeat сервистерін қолданатын медиа ресурстар жарнама нарығымен толық әрі нақты аналитикамен бөлісетін болады. Олар контент сапасын жақсартып, редакциялық саясатты жаңа жағдайларға сәйкес бейімдейтін болады. Сервис қатысушылар арасында кәсіби қатынастарды құруға көмектесіп, редакциялық саясатта метрикалардың кеңінен қолданылуына жағдай жасамақ.

«Chartbeat компаниясы қазақстандық БАҚ-қа бүкіл әлемдегі ең ірі редакцияларда табысты түрде қолданылып отырған деректерді талдау саласындағы озық технологиялардың артықшылықтарын қолдануға көмектесе отырып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік алып отырғанына қуанышты. Қазіргі таңда журналистика сапасы бұрынғыдан аса үлкен маңызға ие, сондықтан осы серіктестік аясында ірі не шағын болсын, 25 басылымның әрқайсысына өз оқырмандарына ерекше деңгейде әсер етуге және жұмыс сапасын көтеруге көмектеспек», - деп атап өтті Джилл Николсон.

Жаңа ресурс нақты уақыт режімінде деректер аналитикасын келесі бес басты көрсеткіш бойынша көрсетеді: сайтқа кірушілер, бірегей қолданушылар, геодеректер, траффик көздері, 24 сағат, 7 күн және 30 күн ішіндегі ең үздік жарияланымдар туралы ақпарат. Сайтқа кірушілерге қатысушы порталдар арасында ұсынылған көрсеткіштер бойынша салыстырмалы анализ жасау, сондай-ақ, бір ай ішіндегі аналитиканы жүктеп алу мүмкіндігі қолжетімді болмақ.

Айта кетсек, өткен жылдың тамызында редакциялар жұмысында онлайн метрикаларды және Ортақ деректер панелін қолдану жөніндегі жоба іске қосылды. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігі арқылы Инновациялар қоры арқылы қаржыландырылады. Жобаға қатысушылар Charbeat қызметтерін бір жыл бойы тегін қолдануға мүмкіндік алып отыр. Бұл – жобаға қатысатын 25 онлайн-медиаға деректерді аналитика саласындағы инновациялық құралдарға бір жыл бойы тегін қол жеткізуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз жоба. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігі арқылы Инновациялар қоры есебінен қаржыландырылып отыр. Жоба операторы – Қазақстан Баспасөз клубы. Жобаны айқын ету және оның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында тәуелсіз Қамқоршылар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына нақты нарықтың өкілдері - медиа сарапшылары және IT-технология саласындағы мамандар кіріп отыр. Жобаның екінші жылында Chartbeat жобаның бірінші жылына қатысқан 25 БАҚ-қа 70%-дық шегерімді ұсынады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар