12 қаң, 2018 сағат 09:12

Қазақстанда 7 трлн теңге салық жиналды

2017 жылы мемлекеттік бюджетке келіп түскен салық мөлшері 7,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

2016 жылмен салыстырғанда келіп түскен салық мөлшері 10,9% (6,4 трлн теңге) өсті. Мемлекеттік кіріс комитеті мәліметінше, ең көп салықты Алматы облысының тұрғындары төледі – 1,7 трлн теңге. Астана – 989,9 млрд теңге, Атырау облысы – 1 трлн теңге.

Ақтөбе облысы бір жылда мемлекеттік бюджетке – 355,8 млрд теңге, Қарағанды облысы – 340,3 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы – 318 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысы – 312,5 млрд теңге, Алматы облысы – 318,5 млрд теңге пайда әкелді.

Бұдан өзге Маңғыстау облысының салығы мен төлемдерінің көлемі 335,5 млрд теңге, Павлодар – 239,4 млрд теңге, Шығыс Қазақстан – 256,1 млрд теңге, Қостанай облысы – 160 млрд теңге болды.

Мұнымен қатар, Ақмола облысы тұрғындары – 134 млрд теңге, Қызылорда облысы – 104,6 млрд теңге, Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстары – 81,4 млрд теңге және 79 млрд теңге салық төледі.