03 сәу, 2020 сағат 11:01

Қазақстанда 453 адам Covid-19 дертіне шалдықты

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір күндізгі сағат 14.00-де тағы бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Алматыда - 2 адамға вирус жұққаны анықталған.

Жалпы науқастар саны 453 адам болды:

  • Нұр-Сұлтанда - 199 адам
  • Алматыда - 93 адам
  • Қызылорда облысында - 26 адам
  • Қарағандыда - 22 адам
  • Атырау облысында - 20 адам
  • Ақмола облысында - 19 адам
  • Шымкентте - 11 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам
  • Түркістан облысында -16 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Жамбыл облысында - 6 адам
  • Ақтөбе облысында - 7 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Вирустан 29 адам айыққан. 3 адам қайтыс болған. Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. Адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылған.