04 сәу, 2020 сағат 09:26

Қазақстанда 42 500 теңгені алуға 351 мыңнан астам адам өтінім берген

Қазақстанда 351 мыңнан астам адам 42 500 теңге алуға өтінім білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.

Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға 351 777 өтініш қабылданды. 

Оның ішінде: 

eGov порталы арқылы – 292 281; 

42500.enbek.kz сайты арқылы – 59 496.