30 нау, 2020 сағат 21:12

Қазақстанда 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 00:10-дағы дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда бес адамнан, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус табылды. Қазір елде 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты.

Барлығы 21 адам (Нұр-Сұлтан - 14, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 308 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 173 адам
  • Алматыда - 73 адам
  • Қарағандыда - 13 адам
  • Атырау облысында - 12 адам
  • Ақмола облысында - 10 адам
  • Алматы облысында - 6 адам
  • Қызылорда облысында - 5 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.