31 нау, 2020 сағат 19:14

Қазақстанда 24 адам коронавирус дертінен айықты

Қазақстанда коронавирустан айыққан азаматтар саны 24 болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«31 наурызда коронавирус індетінен Нұр-Сұлтан қаласынан 1 адам және Алматы қаласынан 1 адам емделіп шықты. Қазақстан бойынша жалпы жазылғандардың саны 24-ке жетті» делінген ДСМ мәліметінде.