02 нау, 2017 сағат 20:14

"Қазақстан" ұлттық арнасында енді үнді сериалдары көрсетілмейді

"Қазақстан" ұлттық арнасында енді үнді сериалдары көрсетілмейді. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

"Ал, бүгін "Келіннің" соңғы көрсетілімі. Тек "Келін" ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірше, солай шештік" деп жазған Қарин.

Айта кетейік, біраз уақыттан бері қоғамда үнді сериалдарын ұлттық арнаның эфирінен алып тастау мәселесі айтылып жүрген еді. Өз кезегінде, жаңа басшы көпшілік көңілін қанағаттандыратын парасатты шешім қабылдап отыр.