17 шіл, 2019 сағат 10:55

Қазақстан Тесламен бірлесіп электромобильдер құрастыруды қарастыруда

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Тесла Моторс компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін тақылады. Атап айтқанда, компанияның Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық жобаларына қатысуын, автокөлік өндірісін, сондай-ақ электрлі қуаттандыру жүйесін (электромобильдер үшін) құру мүмкіндігін қарастырды», - делінген аталған министрліктің мәліметінде.

Вице-министр ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, машина жасау саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 200-ге жуық электромобиль бар.

Қазіргі уақытта электромобильдерге инфрақұрылым жасау жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Нұр-Сұлтан-Щучье тас жолында қарқынды жүргізіліп жатыр.